Облыс тұрғындарының назарына!

0 9

Жамбыл облысы бойынша 2019 жылдың 1 тоқсанына ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 24389 теңгені құрап отыр. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтінішті берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты есептегенде, тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Заңымен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмайтын мөлшерде айқындалады.

Тиісті қаржы жылына арналған ең төменгі күнкөріс денгейінің мөлшері 29698 теңге.

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қолданатын кедейлік шегі 20789 теңге.

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.