Облыс әкімі Байзақ ауданындағы егістік алқабының жай-күйімен танысты

0 4

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың Байзақ ауданындағы жұмыс сапары Үлгілі ауылдық округіндегі «Үлгілі-2005» ЖШС-нің жай-күйімен танысуымен жалғасты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серіктестік басшысы Бақытжан Еркебаев бүгінде пияз егу жұмыстарының қызу атқарылып жатқандығын жеткізді.

2005 жылы құрылған серіктестіктің 3622,5 гектар жері бар болса, оның 720,9 гектары егістік алқаптары. Барлығы 7 ауыл шаруашылық техникасы бар. Бүгінде көктемгі дала жұмыстарымен шаруашылықта 10-нан аса адам тер төгуде екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.