Тараз қаласындағы техникалық байқау пункттері заң талаптарын өрескел бұзуда (ВИДЕО)

0 12

«Жамбыл – адалдық алаңы» кеңсе қызметкерлерімен қоғам пікірлері негізінде, Тараз қаласындағы техникалық байқау пункттерінің қызметінде анықтаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдер сөз болды. Мониторингпен, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидаларының талаптары өрескел бұзылатындығы анықталған (бейне жазба), — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бейнежазбаға толығырақ тоқтай кететін болсақ, кеңсе қызметкерлері жол көлік оқиғасына ұшыраған жарамсыз автокөліктің техникалық байқаудан өту мәселесін қарастырды, демек, байқаудан жарамды деп өту үшін орнына дәл сондай маркалы, түсті автокөлікті ұсынатындығын және оған жарамсыз көлiк құралының нөмірін салатындығын жеткізді. Байқау операторларытарапынан толық келісіп, оның 3500 – 4000 теңгеге істеп беретіндігін көруге болады.

Аталған заң бұзушылық бойынша жауапкершілік мәселесіне келетін болсақ,  Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексінің 616-бабына сәйкес,механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу қағидаларын бұзғаны үшін,шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, делінген.

Жарамсыз көлiк құралдарында айналымға жіберуге рұқсат беру,  адам өміріне зиян келтірілетін бірден бір шарт.

Осыған орай, заңнама талаптарын күшейтуге және техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыратын операторлардың лицензияларын алу бойынша жоғарғы органға ұсыныс беру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, бейне жазба тиісті шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.