Жамбылда кәсіподақтар бірлестігі мен фермерлер одағы өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды

0 8

Бүгін Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігі мен «Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы арасында әріптестік және өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Іс-шараға Жамбыл облысының барлық аудандарындағы филиал басшылары мен кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты.

«Аталған меморандумның мақсаты — өңірдің ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлерін, соның ішінде «Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігіне мүше ұйымдар еңбеккерлері арасында олардың әлеуметтік-құқықтық мәселелерін шешу үшін кәсіподақ ұйымдарын құру бойынша бірлесе әрекет ету. Қазіргі таңда еліміз бойынша фермерлер одағында 40 мыңнан астам мүше болса, Жамбыл облысында ашылған қоғамдық бірлестік филиалының үш жылға жуық мерзімде мыңнан астам мүшесі, яғни фермерлер мен шаруа қожалықтары бар, ал олардың артында ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін көптеген қарапайым еңбек адамы тұр, — деді филиал төрағасы Ж.Дайрабаев.

Өз кезегінде Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген арада өзара әріптестік орната отырып әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы түйткіл мәселелерді бірлесе шешеуге, осы сала азаматтарын кәсіподақ қозғалысына белсене араластыруға мүмкіндік зор екенін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.