Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

0 20

Тараз қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 91 ж/қ өкімімен Сарытай Қайсар Амантайұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы «Zhambylnews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Сарытай Қайсар Амантайұлы 1970 жылы 20 тамызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

1989 жылы Жамбыл химия-механикалық техникумын «Техник-механик» және 1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1989 жылы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында 4 дәрежелі слесарь-жөндеушісі болып бастаған.

1993 – 1999 жылдары Жамбыл облысы бойынша салық инспекциясында салық инспекторы, аға инспекторы, Жамбыл облысы бойынша салық комитетінің бөлім бастығы, 1999 – 2001 жылдары Рысқұлов ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, 2002 – 2003 жылдары Жамбыл облысы бойынша салық комитетінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, 2004 – 2005 жылдары Жамбыл облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарында болған.

2006 – 2015 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің және 2016 – 2019 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшы қызметтерін атқарған. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалімен марапатталған.

Үйленген, бір ұл және үш қыз тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.