Жамбыл облысында «Заңсыз келуші-2019» іс-шарасы өткізілуде

0 15

Заңсыз көші-қон іс-әрекеттеріне қарсы тұру мақсатында облыс аумағында ағымдағы жылдың 9-12 сәуір аралығында әкімшілік, криминалдық полиция, тергеу және анықтау бөлімшелерінің қатысуымен «Заңсыз келуші — 2019» жедел алдыналу іс-шарасының 1-кезеңі өткізілуде. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Арман Тұрдалиев, Көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы полиция капитаны Арай Айымбектің қатысуымен өткен брифигте айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спикерлердің айтуынша, аталған шараға байланысты алға қойылған мақсаттарды орындау үшін 23 ұтқыр топтар құрылған болатын. Нәтиесінде, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған 200 заң бұзушылық дерегі айқындалды. Әкімшілік соттың шешімімен 135 шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағынан аластатылды, оның ішінде 4-і ҚХР азаматтары бар.

«Мемлекеттік шекараны заңсыз өтпек болған 4 шетел азаматтары жауапкершілікке тартылуда. Соттың аластатылу туралы шешімін орындамағаны үшін 1 Қырғыз Республикасының азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған жеке және заңды 19 азаматтар Қазақстан Республикасының көші-қон  заңнамасын бұзғаны үшін  жауапкершілікке тартылды. Шетел жұмыс күшін және еңбек мигранттарын Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін, 28 Қазақстан Республикасының азаматтары жауапкершілікке тартылды. 71 шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімі қысқартылды. Қазіргі кезде Жамбыл облысы аумағында заңсыз еңбек ететін, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыратын тұлғаларды айқындау жұмыстары жалғасуда», — деді Арман Тұрдалиев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.