«Qazaqstan» телеарнасында Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты көрсетіледі

0 3

Бүгін «Qazaqstan» телеарнасында Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсімі көрсетіледі. Бұл туралы Инстаграмдағы жеке парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Бүгін сағат 20:50-де «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсімін көрсетеді. Гала-концертке Қазақстанның танымал өнер иелері мен саxна шеберлері Д. Құдайберген, Ә.Дінішев, А.Мұсақожаева, М.Мұхамедқызы, М.Мудряк, М.Шотабаев, Н.Бекмұхамедов және басқалар қатысты», — деп жазған Мемлекет басшысы концерттен видеоүзіндіні жариялады.

Еске салайық, кеше, 15 сәуір күні Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты өтті. Қазақстандық әртістердің гала-концертін екі мемлекеттің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев тамашалады.

ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.