17 сәуірде ауа-райы қандай болады?

0 1

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, найзағай, бұршақ, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл күтіледі. Бұл туралы «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз – найзағай, дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды обласының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз – көктайғақ күтіледі» — дейді мамандар.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 18-23 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түркістан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Батыс Қазақстан ​​облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.