Жамбыл облысында «Ауыл» партиясы атынан үміткерге қол жинау жүріп жатыр

0 3

Жамбыл облысында да «Ауыл» партиясы атынан сайлауға түсіп жатқан Төлеутай Рахымбековке қол жинау жұмыстары жүргізілуде, — деп жазады «ZhambylNews» AA 24.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірдің он ауданында партияның сенімді өкілдері үміткердің жақтастарын жасақтауда. Партияның аймақтағы филиалы қазір үгіт-насихат жұмыстарына қызу дайындық үстінде.

Мұрат Нұрғабылов, «Ауыл» партиясы облыстық филиалының үйлестірушісі:

— Қазіргі таңда қол жинау науқаны аяқталып жатыр. Біз өз тарапымыздан Жамбыл филиалы атсалысып жатырмыз. Сонымен қатар ауыл партиясынан түсіп отырған Төлеутай Исатайұлы Рахымбековке сенімді өкілдерді жасақтаудамыз. Үгіт насихат жұмыстарына дайындалып жатырмыз. Өзіміздің 10 аудан, қала бойынша өкілдерді жасақтап өз жұмыстарын атқарып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.