Таразда көлік жүргізушілері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0 8

Тараз қаласындағы көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндірме  жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұл шара Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік Қызмет Істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл  департаменті және Жергілікті  жол полиция қызметі бірлесе жүзеге асуда. Оған арнайы шақыртылған қоғамдық бақылау өкілдері де қатысты.

Жұмыс барысында тұрмыстық жемқорлықтың алдын алып, оны жоюға бағытталған ақпараттық үнқағаздар мен парақшалар таратылды.

Рейд барысында анықталған мұндай заң бұзушылықтарға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Әрбір екінші жол көлік оқиғасы жаяу жүргіншіні қағып кету салдарынан туындайды. Мамандардың айтуынша өңірде  2019 жылдың 4 айында  125 көлік оқиғасы тіркелген.  Сондай – ақ, шамамен 10  адам көз жұмып, 130 – ға жуығы түрлі  жарақат алған. Бұл ретте тек, жүргінші  ғана емес, мүгедек арбасындағы азаматтар, велосипед, самокат тізгіндегендер де бар.

Жолды рұқсат етілмеген жерден өтілсе, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.