Әлемде талай қызық бар. Біз осының алдында ғана бірнеше қызықты деректер ұсынған едік. Бүгін соның жалғасын оқи отырыңыздар. Ойламаған дүниеңізді оқи қалсаңыз, таңғалмаңыз!
1. Бір жылан 3 жыл бойы ұйықтай алады.
2. Теңіз жұлдыздарының миы болмайды.
3. Жүзімді қысқатолқынды пешке салсаңыз атылады.
4. Ми құрамының 85% судан тұрады.
5. 13 санын бақытсыздық деп білуінен АҚШ-тың көптеген қонақ үйінде 13-ші қабатта бөлме жоқ.
6. Етпен қоректенетін 600 түрлі өсімдік бар.
7. Қытайда ағылшынша сөйлейтін адамдардың саны АҚШ-тағы адамдардан да көп.
8. Құмырсқа су астында екі апта өмір сүре алады.
9. Бал – бұзылмайтын жалғыз тағам.
10. Бірінші дүниежүзілік соғыста Франция елдегі бүкіл таксилерді кәмпескелеп, әскерлерін фронттарға осы такси көліктерімен тасымалдаған.
Дереккөз:massaget.kz