Жамбыл облысында қарақшылық шабуыл жасағандар құрықталды

0 8

Ағымдағы жылдың 15 ақпанына қараған түні Тараз қаласының орталығында орналасқан «ТаразПетролСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесіне шабуыл жасалынды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шабуыл жасағандар күзетшіні ұрып-соғып, байлап, ақша іздеуге кіріскен, алайда сейфтерде ақша болмаған соң қызметкерлердің жеке заттарын ұрлап кеткен.

Қылмысты ашу барысында облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері, Тараз қаласының Полиция басқармасы1-полиция бөлімінің жедел уәкілдері мен тергеушілері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, кәсіби дәрежеде атқарылған жұмыстар өз нәтижесін берді.

Тынымсыз жұмыс жасаған жедел топтар күдіктілерді анықтап, іздеріне түседі. Олардың тұрғылықты жерін тауып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан 1981 және 1989 ж.т. Алматы облысының екі тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта күдіктілер тергеу изоляторына қамаққа алынып, ұрланған заттар заңды иелеріне қайтарылды. Олар Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-бөлімі бойынша (қарақшылық) қылмыстық жауапқа тартылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.