Еркебұлан Дауылбаев жолаушылар тасымалдаушы мекемелердің тыныс тіршілігімен танысты

0 0

Облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев қалалық жолаушылар тасымалдаушы мекемелердің техникалық базаларын, автобустарын және тыныс тіршілігін бақылап қайтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Автобус паркілерінің басшылықтарымен кездесу барысында бірқатар проблемалық мәселелер мен алдағы дамыту жоспарлары талқыланды.

Бүгінгі таңда Тараз қаласында 10 тасымалдаушы мекеме 42 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетеді. Қазіргі кездегі жанармайдың және қосалқы бөлшектердің сапасыз, әрі қымбат болуына байланысты автобус паркілерінің табыс көзі жылжымалы құрамды жиі жаңартып отыруға толық мүмкіндік бермейді.

Дегенмен, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында автобус паркілері кезең-кезеңімен жаңартылуда.

Мәселен, 2018 жылы 71 бірлік автобус сатып алынған болса, ағымдағы жылы қосымша 50-ден астам автобус сатып алу жоспарда бар. Жаңа автобустар, қаланың орталық көшелерімен жүретін № 12 және т.б. маңызды автобус бағыттарына қойылмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.