Жамбыл ауданында «Бақытты балалық шақ» атты іс шара өтті

0 2

Жамбыл ауданында Айшабибі ауылдық мәдениет үйлерінің қызметкерлері мен Айшабибі орта мектебінің ұжымы бірлесе отырып, еліміздің ертеңгі тізгінін қолға ұстар балалармен «Бақытты балалық шақ» атты іс-шарасы болып өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мақсаты: Балаларға көңіл-күй сыйлай отырып, ойындар арқылы адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Олардың бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға насихаттау.

Іс — шараға ауыл тұрғыны жеке кәсіпкер Сеитов Нұрлыбек,Айшабибі ауылдық кітапхана меңгерушісі Мусралиева Сәуле, Айшабибі орта мектебінің директордың орынбасары Төрткүлбаева Назима әрқайсысы 50- балмұздақтан демеушілік жасады. Іс-шара соңынан балаларға балмұздақ таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.