Тараздық тұрғындарға ыстық су қыркүйек айында беріледі

0 1

Тараз қаласында тұрғындарға ыстық су қыркүйек айында беріледі. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев, «Таразэнергоорталық» АҚ президенті Абуталип Серикбаев, «Таразтрансэнерго» МКК директорының м.а. Жақсылық Жогибаев, «Темір Жол-Жылу» МКК директоры Ғайни Исабеков қатысты.

Спикерлердің сөзінше, Тараз қаласының жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындарында 2019-2020 жылдарға жылыту маусымына дайындық іс-шара жоспары әзірленіп бекітілген. Ағымдағы жылы облыс бойынша жылумен қамтитын кәсіпорындар ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына 626,83 млн. теңге қарастырылған.

Ал «Жамбыл-Жылу» кәсіпорынның РК-1 қазандығынан қаладағы 82 көпқабатты тұрғын үйлер ыстық су алуда, яғни, ыстық су алдағы жылыту маусымына дейін үздіксіз берілетін болады. Олар: «Қаратау» (2), «Қарасу» (5) ықшам аудандары мен «Массив Қарасу», «Қант кенті» массивтері.

Сондай-ақ, «ТемірЖол-Жылу» кәсіпорны бойынша «Газовая» қазандығынан Байзақ батыр көшесіндегі 19 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су беруді ағымдағы жылдың 5 маусымынан бастап тоқтатылды. Бекітілген жоспар бойынша аталған учаскіде жылу желілерінің жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.