Стэнфорд университетінің ғалымдары таңғы уақыттағы бас ауруының себебін анықтады.
Ғалымдардың айтуынша, күйзеліске ұшыраған адамдарда бас ауруы жиі кездеседі. Әсіресе таңғы уақыттағы бас ауруы адамның ішкі жан-дүниесінің жағдайын көрсететіні айтылады. Зерттеуге доктор Морис Охайон қатысқан.
Бірнеше зерттеулерден кейін ғалым бастың неліктен таңғы уақытта ауыратынын анықтаған. Охайонның айтуынша, бас ауруы күйзеліске ұшыраған адамдарда жиі кездеседі. Сонымен қатар ғалым осы мәселеге назар салып, дәрігерге көрінуге кеңес берді. Себебі мұның салдарынан созылмалы ауруларға шалдығу қатері бар екен.
Дереккөз: massaget.kz