Таразда кітапханашысы жоқ кітапхана ашылды. Мұнда оқырман өзіне ұнаған шығармасын қажетті құжатсыз-ақ алып, оқып, кейін қайта тапсыра алады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Хабар 24-ке сілтеме жасап.
«Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы негізінде қолға алынған бастама Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана жанынан ашылып отыр. Басты мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, оқырман жауапкершілігін арттыру. Жан азығын сыйлайтын ордадан кітап сүйер қауым 300 ден астам түрлі жанрдағы шығармаларды таба алады.
«Ешқандай кітапханашының көмегінсіз-ақ кітапты алып, оны қайтадан өз орнына әкеліп қою қажет. Мақсат – адал оқырманды, адал болашақты қалыптастыру. Мысалы мен бүгін Нарша Қашағанұлының кітабын алдым, ешқандай құжат тапсырған жоқпын», — дейді қала тұрғыны Ардақ Сапибулла.