Жамбыл облысында «Айбары асқар елді, асқақтатар Ата Заң!» атты мерекелік іс-шара өткізілді

0 6

Жамбыл облысында «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметер ұсыну Орталығы» КММ-де жоспарға сәйкес «№51 Бәйтерек бастауыш партия ұйымының» қолдауымен Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Айбары асқар елді, асқақтатар Ата Заң!» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өткізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталған іс-шарада бастауыш партия ұйымының төрағасы Мұрат Бердалиев қызмет алушылар мен қызметкерлерді аталмыш мерекемен құттықтап сөз сөйледі. Мерекелік кешіміз салтанатты түрде Мемлекеттік Әнұранмен басталып, жалғасын тапты.

Мерекелік іс-шара өткізу мақсаты әрбір азаматты құқықтық саналылыққа тәрбиелеу, құқықтық заңды білуге, сыйлауға, құрметтеуге, орындауға дағдыландыру. Отанға деген сүйіспеншілікті оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту болды.

Мерекелік іс-шарада  «Туған жер », «Жаса Қазақстан», «Қазақстан», әндерімен қоса қызметкерлерден құралған биші қыздар «Шашу», «Торсық» билерін көпшілікке тарту етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.