Талас ауданында жыл өткен сайын мал басы саны артып келеді

0 2

Талас ауданында жыл өткен сайын мал басы саны артып келеді. Оның ішінде қой шаруашылығын дамытуға аудан жері өте қолайлы. Биылғы жылы өңірде қой басы саны 335 мыңға жетіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мың басқа көп, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Енді ғана аяқтан тұрып келе жатқан «Дулат» шаруа қожалығы қой шаруашылығын дамытуды қолға алыпты. Өзінің қолда бар азғантай малын көбейтуга кіріскен еңбеккер «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы мемлекеттен несие алған. Осының арқасында бүгінде тірлігін тіктеп, оны отбасылық бизнеске айналдырып отыр. Қазір шаруашылықта 1000-ға жуық қой бар болса,  ірі қара мен жылқы малын да өсіріп жатыр.

Талас ауданының жері әсіресе уақ малын өсіруге қолайлы келеді дейді шаруа. Сондықтан, ауыл маңынан үлкен мал баз салып, онда бүгінгі шаруашылықтың негізі қаланды. Өткен жылы үкіметтен лизингке су жаңа трактор алып, суландыру бағдарламасы бойынша құдық қазылған. Мұнда бүкіл отбасымен жұмыс істейтін шаруашылық жетекшісі балаларын да адал еңбекке баулиды.

 Жұмыс дұрыс жүру үшін малшыларға да барлық жағдай жасалу керек. Мәселен бұл шаруашылық таудың ішінде орналасқанымен, шағын күн электр панельдері арқылы қойышлардың үйіне электр жарығы қосылып берілді. Жалпы, Талас ауданында түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы мал алуға ниет білдірген адамдардың саны артуда. Олар үшін қандай жеңілдіктерді қарастыру біздің мақсат дейді сала мамандары.

Жалпы, Талас ауданында биылғы жылы да мемлекеттік бағдарламалар арқылы 2000 бастан астам қой мен ірі қара, жылқы малын алу көзделіп отыр. Ол өңірде ет және сүт бағытындағы жұмыстарды арттыру үшін керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.