Талас ауданының әкімі Д.Алиев Жамбыл облысының атын республика мен әлем деңгейінде қорғап жүрген, Қазақ күресінен спорт шебері, Қазақстан Барысы турнурі жүлдегері Дәулетхан Жақыповпен жарыс алдында кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Дәулетхан Нұр-сұлтан қаласында өтетін қазақ күресінің конфедерация кубогіне Жамбыл облысының намыс қорғауға аттанғалы отыр. Аудан басшысы шын ниетпен сәттілік тілеп, жеңіспен оралуына тілек білдірді.