Асқар Мырзахметовтың аудандағы жұмыс сапары «Кордай Корм» ЖШС-інің жұмысымен танысумен түйінделді

0 15

Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың аудандағы жұмыс сапары «Кордай Корм» ЖШС-інің жұмысымен танысумен түйінделді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зауыт негізінен құрама жем шығару және майлы дақылдарды қайта өңдеумен айналысады. Серіктестік басшысы Талғат Сәрсембаев кәсіпорынның жылына 3 мың тонна құрама жем шығаруға қауқарлы екенін жеткізді. Өнделген өнімнің басым бөлігі мал ұстайтын тауар өндірушілерге, аудан тұрғындарына өткізілуде екен. Барлығы 11 адам жұмыс жасайды.

Бүгінде мұнда тәулігіне 20-30 тонна құрама жем шығарылуда. Ал май цехы күніне 5 тонна мақсарыдан сығу арқылы 400 литр, 5 тонна күнбағыс дәнінен 200 литр май өндіріледі.

Серіктестік басшысы кәсіпорынның өзекті мәселесі ретінде 300 килоВатт трансформатор орнату, газ тарту және ауыз су құдығын қазу қажеттіліктерін жеткізді. Өз кезегінде өңір басшысы түйінді түйткілдердің шешу жолдарын қарастыру үшін тиісті тұлғаларға тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.