Тараз қаласында күзгі санитарлық тазалық екі айлығы өткізілуде. Сенбілікке барлық облыстық және қалалық мекемелер, кәсіпорындар, облыстық әкімдіктің басқармалары мен қала әкімдігінің бөлімдері қатысуда. Талдардың түбі, бағаналар, бордюрлер әктеліп,сырланып, жапырақтар тазалануда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.




