Жамбыл облысында ЖД-158/7 мекемесінде кезекті рет оқу-жаттығу семинары өтті, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мен жергілікті «Қызыл ай» қоғамдық бірлестігінің ұйымдасқан іс-шарасы аясында мекеме мамандарына алғашқы көмек көрсету дағдылары үйретілді.
Сондай-ақ іс жүзінде көрсетіліп, халықаралық талапқа сәйкес түрлі тактикалық жаттығулармен таныстырды. Мұнан өзге төтенше жағдайға дайындық және әрекет ету, тиісті медициналық жәрдем түрлері сынды мәселелер талқыланды.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД медициналық қамтамасыз ету тобының бас маманы, әділет майоры Ерлан Әбдібай мен «Қызыл ай» қоғамдық бірлестігінің бас маманы Айна Бакеева қатысушылардың сауалдарын тыңдап, тұщымды жауап қатты. Семинар соңында тыңдаушылар 3 сағат бойы алған ілімдерін тәжірибе түрінде кәдеге асырып, жаңашылдықтарды пайдаланып науқастарға көмек көрсетті.
Жалпы «Қызыл ай» бірлестігінің халықаралық ұйым екендігін ескерсек берері мол, сондықтан алдағы уақытта да өзара ынтымақтастық жалғаспақ.