Таразда қылмыс жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен жағдайларды жою жөнінде қызметтік жиын өтті
Таразда қылмыс жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен жағдайларды жою жөнінде қызметтік жиын өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Оңтүстік бас әскери – көлік комендатурасында қылмыс жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен жағдайларды жою жөнінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұсыны бойынша өткен жиында анықталған қылмысы талданды.
Аталған комендатураның офицері лейтенант Ч.Ж.Умирзаков ҚР қылмыстық кодексінің 366 – шы бабының 1 бөлігімен айыпталған. Және Шымкент гарнизоны әскери сотының үкімі бойынша сотталды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру және «лейтенант» әскери атағынан айыру арқылы 300 000 теңге айыппұл салынды.
Яғни Ч.Ж.Умирзаков 2019 жылдың 28 қазанында 6000 (алты мың) теңге және 12 қарашасында 6000 (алты мың) теңге Тараз қаласының тұрғыны А.А.Байжановадан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің
темір жол көлігінің бронь орындарын беру үшін пара ретінде жалпы сомасы 12000 (оң екі мың) теңге алғаны үшін.
Бұл ретте, Ч.Ж.Умирзаковтың аталған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауына ықпал еткен басты себеп-жағдайдың бірі, ол Ч.Ж.Умирзаковтың тікелей бастығы — «Оңтүстік» бас әскери — көлік комендатурасының әскери коменданты Б.А.Утеповтың және оның орынбасары Т.Т.Дарибаевтың өздеріне жүктелген міндеттерін тиісті дәрежеде орындамауы болып табылады. Атап айтқанда, аталған лауазымды тұлғалардың тарапынан бақылаудың төмендігі; сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылыққа қарсы тәрбие жұмыстары төмен деңгейде не формальды түрде жүргізілетіні; құқық бұзушылықтың (соның ішінде сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтың) алдын алу, оған жол бермеу шаралары, құқық бұзушылық профилактикасы шаралары, құқық бұзушылықтардан сақтандыру жөнінде шаралар, сондай-ақ құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар тиісті дәрежеде жүргізілмеуі; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндірме жұмыстарының сапасыздығы.
Жоғарыдағы орын алған қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамның мемлекеттік қызметкерлерге деген сенімін төмендетеді, теріс пікір қалыптастырады, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтiреді.
«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін басшылардың дербес жауапкершілігі жөнінде айтылған.
Осыған байланысты, «Оңтүстік» бас әскери — көлік комендатурасының жұмысына және оның қызметкерлерінің іс-әрекетіне басшылық ететін тұлғалар — «Оңтүстік» бас әскери — көлік комендатурасының әскери коменданты Б.А.Утеповтың және оның орынбасары Т.Т.Дарибаевтың өз жұмысына жалғырт қарауы, өз тараптарынан қадағалау және жол бермеу шаралары жүргізбегендігі салдарынан орын алып отыр және жіберілген кемшіліктері үшін тәртіптік жауапкершіліктері заң аясында қаралуға жатады.
20.05.2019 жылы Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңесте жемқорлық бойынша қол астындағы қызметкерлердің қылмыстық әрекеттері үшін бірінші басшылардың жауапты болатынын қадап айтты, яғни «егер біз жемқорлықты түбегейлі жоюды міндет етіп алсақ, меніңше, мемлекеттік орган басшылары мұндай жағдайда отставкаға кетуін қабылдауды немесе қабылдамауды Мемлекет басшысы шешеді. Бірақ
жұмыстан босату туралы арыз жазуы міндетті шара болуы керек » деп атап өтті.
Сонымен қатар, «Оңтүстік» бас әскери — көлік комендатурасының әскери коменданты бекіткен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің темір жол көлігінің бронь орындарын беру тәртібі туралы нұсқаулығына сәйкес, бронь талондарын беру нақты кімнің міндетіне кіретіні туралы айтылмаған.
Осыған байланысты, «Оңтүстік» бас әскери — көлік комендатурасында қалыптасқан тәжірбиеге сәйкес бронь талондарын беру, осы комендатураның кез келген қызметкері (кезекшісі бар, кезекші емесі бар) беріп отырған.
Оған қоса, аталған нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің темір жол көлігінің бронь орындары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы №428 бұйрығында айқындалған әскери жолаушыларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға беріледі деп көрсетілген.
Одан бөлек, осы нұсқаулықта басқа жолаушыларға поезд кетуіне 4 сағат қалғанда беріледі деп көрсетілген. Яғни басқа жолаушылар қатарына қандай тұлғалар кіретіні айқындалмаған. Егер олар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы №428 бұйрығында айқындалған әскери жолаушылар болып табылмаса, онда ҚР ҚМ-нің темір жол көлігінің бронь орындары автоматты түрде шешіліп еркін сатылуға жіберілуі тиіс.
Яғни «Оңтүстік» бас әскери — көлік комендатурасы ҚР ҚМ-нің темір жол көлігінің бронь орындарын азаматтық жолаушыларға беруге құқығы жоқ. Алайда, «Оңтүстік» бас әскери — көлік комендатурасының қызметкерлері әскери емес жолаушыларға бронь талондарын беріп отырған.
Бұл ретте, аталған нұсқаулыққа өзгеріс енгізіп, аталған кемшіліктерді болдырмау үшін, Қазақстан Республикасының барлық аумағына бір тәртіпті енгізу қажет.
Осыған орай, қызметтік тексеріс тағайындап, ұсыныста көрсетілген заң бұзушылықтардың орын алу себептерін анықтап, жіберілген кемшіліктерді жойып, жол берген жауапты тұлғалардың жауапкершілігін қарап, олардың атқарып отырған лауазымына сәйкестігін, сонымен қатар жұмыстан босатуға дейін мәселесін қарастыру қажет.