Жамбыл облысында «Өзін-өзі тану : Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында № 47 орта мектепте қалалық семинар өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
«Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Назарбаева осы жылы 79 жасқа келді. Сара Алпысқызы Назарбаеваның ұйымдастыруымен 1992 жылы «Бөбек» қоры құрылды. Бұл қор 7 жасқа дейінгі балаларды қамқорлыққа алып, олардың әлеуметтік жағынан қорғалуына көмектесуде. Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады. Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған. С.А. Назарбаева қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді — өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І – дәрежелі алтын медалімен, «Юнити» халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф халықаралық қорының алтын медалі, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған. Осыған орай, № 47 орта мектепте «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері қала аумағында «Жалпыадамзаттық құндылықтар — мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Мақсаты жалпы адамзаттық құндылықтарды мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі екенін түсіндіре отырып, ықпалдастыру жолдарын қарастыру.
Қалалық семинарға қаланың 31 мектебінен «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері келіп қатысып, тәжірибе алмасты. 9 сыныппен «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Қарлығаш Кентаева «Өзгелерге қызмет ету – өзіңе қызмет ету» тақырыбында ашық сабақ өтті. 3 сыныппен «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі А. Қалтаева «Жомарттық пен кеңпейілділік» тақырыбында ашық сабақтар өтті. «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Л.Қалиева «Алтын жүрек Анамыз» атты сыныптан тыс іс-шара яғни мерекелік концерт берді.
«Өзін-өзі тану» пәні – осы заман үдерісіне білім саласында ең қажетті пән деп білемін. Адам бойында қазір жетіспей жататын құндылықтар бар – ақиқат, риясыз сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау деген құндылықтарымыз жойылып барады. Біз осы қасиеттерге зәру мұқтаж жандармыз. Қанағатшылдық – қарын тойғызады. Бақуатты адамдар – байыған үстінен баии берсек деп ұмтылады, жұлдыздар – шарықтаған үстінен шарықтай берсек деп ұмтылам деп жүріп Алла жаратқан жай ғана қарапайым пенде екенін ұмытып кететіндері бар. Сәл қиындық шыға келсе сабырсыздық танытамыз, сәл байысақ шарықтап қанағатты ұмытамыз…
Адам баласы қай кезде бақытты?
Адам — Алла берген өмірге келгелі бақыт, денсаулығы жақсы, ол – бақыт, ата-анасы бар, ол – бақыт, он екі мүшесі сау, ол – бақыт, жеуге – наны, ішерге – суы болса, ол – бақыт, артынан ерген салиқалы, иманды ұрпағы бар болса, ол – бақыт. Бақыттың өлшемі жоқ, ол – шексіз. Қолдағы бар нәрсені кейде көре алмаймыз, сол өкініштісі…
Мен – ұстазбын! Мен сонымен мақтан етемін. Алла берген өмірмен, ата-ана берген тәрбиемен, қоғамның қолдауымен, жүректегі мейіріммен еліміздің болашақ ұрпағына тәрбие – білім беріп келудемін. Осы орайда өз пәнімді мақтап өткім келеді. Осы пәннің анасы – Сара Назарбаеваға үлкен алғысымды білдіремін. Әр адамның бойына жетіспей жататын рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңдіріп, жоғары қасиеттерін дамытып келеміз. Болашақ жастарымызды «робот» етпей, адами ата-бабамыздан келе жатқан рухани құндылықтарымызбен көркейтіп келеміз.
Қарап тұрсаңыз, қазіргі заманда адамның бойында осы құндылықтар жетіспей жатады. Баланың бойында осы құндылықтарды дамыту, ең біріншіден – ата-анадан, ұстаздан және қоғамнан болады. Адамның бойында осы құндылықтар табылса, ол – адам – қоғамның нұры. Менің ұстаздық мақсатым да осы қоғамдағы болашақ нұрларын жарқырату, шарықтатуға жетелеу. Ақиқатты үлкен сүйіспеншілікпен бойына сіңірген болашақ, әрқашан дұрыс әрекеттер жасап, ішкі тыныштығын яғни сабырлық сақтап, ешкімге ешқашан қиянат жасамайды.
№47 орта мектептің
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі
Кентаева Қарлығаш Орынбайқызы