Құмарық ауылының тұрғындары пилоттық жобамен 9 539 бас мал сатып алады

0 3

Тұрар Рысқұлов ауданы  Құмарық ауылының тұрғындары пилоттық жобамен 9 539 бас мал сатып алады. Бүгінгі таңда  98 жылқы, 42 сиыр, 1 225 бас қой сатылып алынған ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталған ауданда Құмарық ауылдық округінің тұрғындары  мал шаруашылығын дамыту үшін «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына құжаттарын жинап өткізуде. Округтен өткізілген 238 құжаттың 120-і мақұлданған. Бұл азаматтар қолына тиген 374 миллион теңгеге мал алуда.

Алғабас ауылының тұрғыны Рита Әубәкірова 4 миллион теңге несиесіне 50 бас қой, бір жылқы, 3 мүйізді ірі қара сатып алған. Жемшөбіне 550 мың теңге жұмсапты. Сондай-ақ тағы бір
ауыл тұрғыны Жамбыл Серікбаев 5 миллион теңгеге 5 жылқы, 4 сиыр, 40 қой алған. Мал азығына 800 тайланған шөп, 4 тонна жем дайындаған.

Сонымен қатар ауылда «Құмарық Тау» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Жақында кооператив құны 89 миллион 950 мың теңгені құрайтын 17 ауыл шаруашылығы техникаларын несиеге алды. Бұл техникалар кооператив қарауындағы жеке кәсіпкерлердің жемшөбін дайындауға көмектесетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.