Облыс көлеміндегі мәдениет, архив мекемелерінің саны 525-ті құрап отыр

0 1

Халықтың мәдениетін арттырып, ұлттық өнерімізді өркендетуге үлес қосып отырған облыс көлеміндегі мәдениет, архив мекемелерінің саны 525. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев айтты,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Оның ішінде 190 мәдениет үйлері мен клуб мекемелері, 274 кітапхана, 2 облыстық драма театрлары, облыстық филармония, 2 кинотеатр, 8 музей, облыстық халық шығармашылығы орталығы, облыстық кино орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы, «Руханият және тарихтану орталығы», 12 архив мекемелері.

Сонымен қатар, 10 «Бейнемобиль» автоклубтары және 22 киноқондырғы.

2019 жылы мәдениет саласын қаржыландыруға 6,4 млрд.теңге бюджет қаражаты қарастырылып, толық игерілді.
2019 жылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кітапханалар жанынан 175 цифрландырылған ақпараттық және коворкинг орталықтары ашылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.