Сарысу ауданында қоғамдық кеңестің отырысы өтті

0 5

«Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы  өтті ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Отырыс барысында партияның 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыстардың барысы туралы Жаңатас қаласының әкімі Дүйсенәлі Борсықовтың есебі тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша есеп берушіге кеңес мүшелері тарапынан сауалдар қойылып, оған тиісті жауаптар қайтарылды. Отырыс қорытындысы бойынша арнайы қаулылар қабылданып, күн тәртібінде көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.