Жамбыл облысында «жастар конференциясы»  өтті

0 1

Жамбыл облысында  «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында  «Ұлық Ұлыстың  750 жылдығына арналған «Талас құрылтайы – Алтын Орда мемлекетінің негізі» тақырыбында облыстық жастар конференциясы  өтті,   — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Конференцияның мақсаты-жас ұрпақты патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын насихаттау болып табылады.

Аталмыш шараға облыс жастары, волонтерлер, тарихшылар, БАҚ өкілдері мен
өңірдегі  өлкетанушылар,  тарихшылар мен археологтар қатысты.

Атап айтқанда педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның үздік өлкетанушысы Д.Байдалиев, облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Қуаныш Дәуренбеков, тарихшы, археолог, Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану орталығының» директоры С. Қалиев қатысып, Алтын Орда тарихына сыр шертіп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.