Талас ауданы мемлекеттік архивінің 45 жылдығы аталып өтті

0 17

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын ілгерілету және Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Талас ауданы мемлекеттік архивінің 45 жылдығы аталып өтті ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталған іс-шара ғылыми-тәжірибелік конференция негізінде ұйымдастырылып, іс-шараға облыстық, қалалық, аудандық архив қызметкерлері мен аудандағы мекемелер, ұйымдар, БАҚ өкілдері мен білімгерлер қатысты.

Іс-шараны Талас ауданы әкімінің орынбасары Қадырбек Садубаев ашып, архивтің кешегісі мен бүгінгі жұмыс барысын айтып, Талас ауданының архившілеріне Талас ауданының әкімінің құрмет грамотасын және алғыс хаттарын табыстады.​

Сонымен қатар архивтің алғашқы директоры Шымкент Рысқұлұлы, архив саласының ардагері Досымбеков Сатыбалды Досымбекұлы архив саласының жұмыстары туралы айтып, құттықтау сөзін арнады.

Конференция барысында архив ісінің дамуындағы траекториялар, бүгінгі архивті цифрландыру дәуірі және архивтің мемлекет қызметіндегі маңызды конференцияның негізгі бағыттары болып табылады. Конференцияның басталар алдында жалпы аудандық архивтің 45 жылдығына орай қысқаша бейнеролик көрсетілді.

Ары қарай Тараз қаласының мемлекеттік архивінің директоры Серікбаев Нұрхат Тірібосынұлы Талас ауданының архившілеріне Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының алғыс хаттарын табыстады.

Сондай-ақ Қаратау құрылыс техникалық колледжінің директоры Доқтырбек Маселбеков сөз алып аудандық архивтің 45 жылдығына арналған құттықтау сөздерін айтты.

Өз кезегінде салалық секция отырысы болып «Талас архивіне 45 жыл» атты арнайы кітап таныстырылып, сала ардагерлеріне арналған естелік тақтаның ашылу салтанаты болды.

Конференцияға қатысушы қонақтар Талас аудандық тарихи-өлкетану музейіне, «Коворкинг» орталығына, ардагерлер аллеясына, Тамды қалашығына және архивке экскурсияға барды.

Конференцияны мекеме басшысы – Алмас Мұхтаров қорытындылап, қатысушыларға рахмет айтып жұмыстарына табыс тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.