ЖД-158/7 мекемесіндегі жазасын өтеуші балаларын көзбе-көз көріп, тілдесті

0 0

ЖД-158/7 мекемесіндегі жазасын өтеуші карантинге қарамастан әйелін туған күнімен құттықтап, балаларын көзбе-көз көріп, тілдесті , —  деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Ал екінші бір сотталған өз сүйіктісіне төтенше жағдай бола тұра көңілін білдіріп, келісімін алды. Бұл қалай болмақ?! Оқшаулану жүйесіне көшкен қазіргідей уақытта мұндай іс-әрекеттердің абақты ішінде орын алуы көптің көкейінде сұрақ туғызары сөзсіз. Бұл орайда кездесудің барлығы да «skype» желісі арқылы өткендігін айта кетелік.

Әлемді жайлаған пандемияға орай елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты ЖД-158/7 мекемесі де оқшаулану жүйесіне ауысты. Осыған байланысты мекеме аумағында өтетін барлық ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер тоқтатылды. Алайда, жазасын өтеушілер мүлдем байланыссыз қалған жоқ. Ғылым мен техника дамыған бүгінгідей заманда ақпараттың өрісі кең.

Сотталғандар ет жақындарымен бейнекамера арқылы байланыс орнатып отыр. Ол үшін қажетті мекемеде материалдық база жеткілікті.Келіп түскен өтініштерге байланысты аптасына екі күн екі сағаттан астам 5 қамаудағы туыстарымен жүздесіп, тілдеседі.

Арнайы жабдықталған сынып сақшылардың қатаң бақылауында.

Осылайша түзеу орны сын сәтте сотталғандардың сағын сындырмай тығырықтан шығудың оңтайлы шешімін тапты. Карантин басталғалы 100-ге жуық жазасын өтеуші туғандарымен байланысқа шықты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.