Сарысу ауданында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мақсатында арнайы штаб жұмыс істеп тұр , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Қосымша 7 шұғыл әрекет ету топтары да құрылды («Бақылау бекеттерінің жұмысын үйлестіру тобы», «Медициналық, санитарлық-эпидемиалогиялық қауіпсіздік тобы», «Азық-түлік қауіпсіздігінің тобы», «Жеке тұлғалардың, көліктің және тауарлардың қозғалысын қадағалау тобы», «Әлеуметтік қорғау және еңбек қатынастар тобы», «Тіршілікті қамтамасыз ету тобы», «Ақпараттандыру тобы»).
Карантиндік сақтық шаралары жалғасуда.
Жедел әрекет ету штабының офисі мәдениет үйінде ашылып, онда тәуіліктік кезекшілік құрылды (6-19-03).
Ауданда (облыстық маңыздыжолдарда)негізгі 3 бақылау-өткізу бекеттері бар. Осы уақытқа дейін бекеттерден 6409 көлік, 13294 адам («Жайылма» — 3276 көлік, 6688 адам өткен.
Түркістан облысы, көрші аудандармен арада және елді мекендер арасында барлығы 11 бақылау бекеттері қойылған(Жайылма-Құмкент, Саудакент-Ақкөл, Ақтоғай-Көктал, Ұланбел-Жайлаукөл, Досбол-Тоғызкент, Тоғызкент-Саудакент, Жаңаталап-Саудакент, Саудакент-Жаңатас, Игілік-Саудакент, Жаңатас-Ә.Бүркітбаев, Жаңатас қаласы орталық аурухана алды).
12 жерденаудандық маңызы бар жолдар уақытша жабылды. (Жаңатас-Шаян, Шығанақ-Тасты, Әбілда-Үшарал, Ұйым ауылы бойынша 4 кіру жолдары, Арыстанды-Майбұлақ, Қызылдихан-Жаңатас, Игілік-Өндіріс, Жаңатас қаласына 2 кіру жолдары).
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №33, №34 қаулыларына сәйкес ауданда карантиндік шаралар күшейтіле түсті.
Ауданында коронавирустық инфекциялардың таратылмауы, карантиндік режимды бұзуды анықтау барысында жүргізілген рейдтік іс шара барысында барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 186 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып оның ішінде 608-бабы (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша 4 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, аудандық сотпен құқық бұзушылар әкімшілік қамақа алынды.
Аталған кодекстің 476 бабы (төтенше жағдай кезінде мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды орындамау) бойынша барлығы 29 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, сот шешімімен 13 тұлғаға 10 АЕК айыппұл салынып, 1 хаттамалық ескерту берілді. 15 әкімшілік құқық бұзушылық іс аудандық соттың қарауында.
Президент Жарлығына сәйкес,адам көп жиналатын орындар, аудандағы санитарлық өткізу бекеттері аумақтық қорғаныс взводынан құралған (20 адам) әскери міндеттілердің жеке құрамымен күшейтілді.
Бүгінгі таңға дейін күнделікті дезинфекцияланған жердің аумағы 1486,0 мың шаршы метрден асты. Бұл жұмыстарға тиісті кәсіпорындардың 6 техника тартылған. Көшелер мен аулаларды, қоғамдық орындарды дезинфекциялауға барлығы — 63адам (қоғамдық жұмысшылар) тартылды.
Енгізілген шектеу шаралары туралы тұрғындарды хабардар ету мақсатында қала еріктілерінен қосымша 10 топ жасақталып, дыбыс күшейткіштер арқылы халық көп жүретін орындар, шағынаудандар мен көшелерде ескерту жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық газетте — 115, әлеуметтік желілерде — 1865 ақпараттық материалдар жарияланды.
Ауданда көңіл көтеру орындары,мейрамханалар жабық. 339 сауда үйлері мен дүкендер иелерінеқауіпсіздік шараларын қатаң сақтау туралы аудандық санитарлық қызметпен ескерту берілген. Дүкендерге бетпердесіз кіруге рұқсат жоқ.
Мобильдік топтың зерделеуі барысында халық көп тұтынатын: ұн, қант, сұйық май, картоп, күріш, қарақұмық және ұннан жасалынған өнімдер бағасында біршама өсім бары анықталды. 8 кәсіпкерге қатысты материалдар құзырлы органдарға жолданды.
Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында жергілікті 3 кәсіпкер операторлар арқылы төмендетілген бағада ауданға 30 тонна құмшекер жеткізілді.
Аудандағы азық-түлік қоры жеткілікті. Таусылған тауарларды әкелу шаралары кәсіпкерлер тарапынан тұрақты түрде жүргізілуде. Қазіргі уақытта (25.04.2020 ж. жағдай), дүкендердің қоймасында 103 т. ұн, 46 т. қант, 16 т. күріш, 8 т. картоп және т.б. азық-түлік түрлері бар.
Орталықтан шалғай жатқан Қамқалы, Тоғызкентауылдық округтеріне бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарларының көшпеліжәрмеңкесі ұйымдастырылды. Алдағы демалыс күндері Досбол елді мекенінде жәрмеңке өткізу жоспарда бар.
Ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес, сұйытылған газ тасмалдайтын арнайы автоцестерна Түркістан, Қамқалы, Досбол және Тоғызкент ауылдық округтерін қамтыды.
Халықтың тыныс-тіршілігін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында «Сергек-блокпост» ақпараттық жүйесіне бақылау бекеттерінен тоқтаусыз өту үшін 461 көлік базаға енгізілді.
Еріктілер тарапынан ауылдарда 21 тігін орны ұйымдастырылып, бүгінде 13800 бетперде таратылды. 4500-гежуық бетперде қорда тұр.
«Біз біргеміз» акциясы аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж 535отбасына — 7 млн. 684 мыңтеңгенің көмегі көрсетілді.
Демеушілік көрсеткендер қатарында Бегеев Сағынбек, Әлкеев Байман, Жылқыбаев Досбол, Рыспанов Ғани, Тоғызақбаев Жеңіс, Хансейтов Мейіржан, Төлепбеков Мұрат, Шайымқұлов Фархат сынды азаматтар бар. Сондай-ақ, игі шараға «Қаратау» ТКӨК, «Алтын Орда» ЖШС, «Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС, «Ауданның іскер әйелдері» ұйымы үлес қосты.
Төтенше жағдайға байланысты 42500 әлеуметтік төлем алғандарсаны-7986.
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге төлеу бойынша арнайы колл-центр номері(5-00-69, 5-02-21) жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда, төлем жасалатын 250 адамның тізбесі жасақталды.
Аудандық ауруханада 55 төсек жабдықталды. 68 дәрігер мен 345 мейір бике жұмылдыруға дайын.
Ауданда 27 мектепте 8886 оқушы бар, оның ішінде 11 мектептегі 6687 оқушы қашықтықтан, 16 мектептегі 2199 оқушы телеарна арқылы оқуда.
Сарысу ауданы білім бөлімінің теңгерімінде барлығы 1378 дана компьютер бар. Оның ішінде 134 компьютерді мұғалімдерге және аз қамтамасыз етілген отбасыларға 317 компьютер қабылдау-өткізу актісі арқылы таратылып берілді.
Бүгінгі таңда ауданда инфекция жұқтырғандар тіркелмеген. Тұрақтылық пен қалыпты жағдай сақталуда.