Сәуірдің 27-сі күні мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаев жасаған мәлімдемесінде «Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ» деп, әлемде вирус жұқтырғандардың саны 3 миллионға жуықтағандығы , Қазақстанда қауіпсіздік шараларының қатаң қолға алынып жатқандығы , алдағы уақытта да қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау арқылы оның таралуына жол бермеудің маңыздылығын айтып өтті.Карантин шараларынан бір сәтке бас тартсақ, оны өршітіп алуымыз мүмкін, мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Бұл — біз бастан өткеріп отырған күрделі кезеңдердің бірі.
Пандемия экономикаға , халықтың әлеуметтік тұрмысына елеулі әсер тигізді.Осы орайда мемлекет басшысы елдің әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында түрлі салаларды қолдауға бағытталған тапсырмалары өз жемісін беруде.
Бүгінде Ел Президенті төтенше жағдай режімінде еліміздің әр азаматына қолдау көрсетіле беретіні туралы айтып өтті.Алдағы мамыр айының атаулы мерекелері де үйде аталып өтуіне тура келеді, бірақ Жеңіс күнінде ҰОС ардагерлерінің елеусіз қалмайтыны туралы , барлығына лайықты көмек көрсетілетіні туралы мәлімдеді.Бұл ардагерлеріміздің ерлігіне жасаған зор құрмет деп білеміз.
Аталмыш індеттің алдыңғы қатарында жүрген денсаулық саласының мамандары, тәртіп сақшылары, БАҚ өкілдерінің еңбегінің зор екендігі туралы айтып өтті.
Қазіргі таңда халықтың денсаулығын сақтау үшін барлық шаралар жүргізілуде .Коранавирус ешкімді аямайтын індет екенін көрсетті. Сондықтан әр азамат , әр отбасы елдің қамы үшін күн -түн демей қызмет жасап жатқан түрлі сала өкілдерінің еңбегін бағалап, қиындықты жеңуге үлестерін қосатын болса, індет ауыздықталатын болады.
Мемлекет басшысы айтқандай, жұдырықтай жұмылсақ, кез келген қиындықты жеңеміз!БІЗ БІРГЕМІЗ!ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!
NurOtan партиясы «Көкдөнен» БПҰ төрайымы Касеналиева Айгүл Аскербековна