ЖД-158/7 мекемесінде дезинфекциялық жұмыстардың ІІІ кезеңі жүріп жатыр

0 2

ЖД-158/7 мекемесінде дезинфекциялық жұмыстардың ІІІ кезеңі жүріп жатыр. Төтенше қауіпсіздік режимі жағдайындағы түзеу орны COVID 19 инфекциясының жолын кесу үшін кешенді шараларды қолға алған , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Карантин басталғалы мұндағы мамандар әр кезең сайын әкімшілік ғимарат, абақты ішін, өндірістік нысандар, сондай-ақ, қоймалық орындарын залалсыздандыруда. Індетті ары қарай өршітпей, алдын алу бағытында «Байзақ дезинфекция» ЖШС келісімшарт бекітілді. Арнайы маманданған қызметкерлер кіре берістен бастап ғимараттың әр жерін назардан тыс қалдырмайды.

ІІІ-кезеңде залалсыздандыру 2 күнге жалғасса, 70 литрден астам арнайы сұйықтық кетеді. Карантин басталғалы 500 литрге жуық сұйықтық жұмсалды деседі, мекемедегі медицина бөлімінің бастығы әділет майоры Бегжан Асанов. Олардың аталуы әртүрлі. Алайда қолданылу мақсаты мен құрамы бір. Барлығының «Қазақстанда пайдалануға болады» деген рұқсаты мен арнайы сертификаты бар. Сондай-ақ түрлі тексеруден өткен.

Нысанды дезинфекциялау жұмыстарында қазір арнайы мамандармен қатар мекеме қызметкерлері де жұмылдырылды. Үлкен аумақты қамту үшін оларға арнайы техника мен аппараттар сатып алынды. Сақтық шаралары қатаң сақталынып, ол үшін арнайы қорғаныс киімдерімен қамтамасыз етілген. Сотталғандар қолымен 20 мыңнан аса бетперде мен комбинезондар тігілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.