Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім беру жүйесі қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту жүйесіне көшірілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Барлық мектептерде сабақ кестесі жасалып, директормен бекітілген. Пән мұғалімдері кестеге сай сабақ өтті. Мойынқұм ауылындағы Жамбыл мектеп — гимназиясы, Т.Рысқұлов тірек — мектебі, М.Жұмабаев мектеп — лицейі, Шығанақ ауылындағы Шығанақ орта мектебі қашықтықтан 2 516 оқушыны WhatsApp желісі арқылы оқытты.
Ал қалған мектептерде телевизиялық сабақтар арқылы 3 423 оқушы қашықтықтан білім алды. Еске сала кетейік, Мойынқұм ауданы бойынша күндізгі жалпы білім беретін 24 мектепте 5 939 оқушы білім алады.
Аудан әкімдігінің
білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев