Сарысу ауданында карантин режимдері ішінара алынып, бірқатар сауда, қызмет көрсету орындары өз жұмысын бастады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Алайда, олардың әрқайсысы санитарлық ережелер мен сақтық шарасын сақтай отырып жұмыс істеуі керек.
Осыған байланысты ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қауылысын басшылыққа ала отырып, аудан жанында мониторингтік топ құрылған.
Кеше де, бүгін де осы қаулыға сәйкес рұқсат етілген нысандарда эпидемияға қарсы режим талаптарының, жұмыс режимінің сақталуына мониторинг жасалды.
Кәсіпкерлер мен қызмет көрсетушілерге түсінік жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде кеше анықталған 6 нысанға шара қолдану туралы ұсыныс хат ІІБ мен СЭСке жазбаша берілді. Фотосуреттерімен акті ұсынылды.
Ал, бүгін 6 нысанға акті жасалып, жабылды. Аудандық СЭС пен штабтың рұқсатымен ғана ашылуы ұсынылды. Жалпы жабылғандар 9 нысан.