Бүгін С.Шәкіров ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Қоғамдық қабылдауға аудан әкімі Б.Қазанбасов, аудан прокуроры И.Тойшыбеков, аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасары, аудан әкімдігінің бөлімдерінен ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.Татимбетова, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы А.Ерубай, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Тауасаров, жер қатынастар бөлімінің бас маманы Б.Исаханов және Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Р.Момбеков қатысты.
Барлығы қоғамдық қабылдау барысында 16 азамат, 22 мәселе ретінде өтініш, ұсыныс білдіріп, тиісті мәселелер бойынша аудан әкімі мен аудан прокуроры Заң талаптарына сәйкес тиісті бөлімдер тарапынан жауап берілетіндігін жеткізді. Тұрғындар тарапынан аталған шараға ризашылықтарын білдірді.
Алдағы уақытта дәл осындай көшпелі қоғамдық қабылдау Ойық, Аққұм ауылдық округтерінде жүргізілетін болады.
Қоғамдық қабылдау барысында барлық санитарлық талаптар сақталды.