Көп жылдан бері құдық суын пайдаланып келген Талас ауданы Майтөбе ауылының тұрғындары енді сапалы ауыз суды тұтынады, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Талас ауданындағы 23 елді мекен болса, 15-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Бұл -65,2 пайызды құрайды. Ал ауз су берілеген 8 елді мекеннің мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Соның бірі-Майтөбе ауылы. 1761 тұрғыны бар елді мекенге су тарту жұмыстары былтыр басталған болатын.
Оған 298 228,8 мың теңге қаражат бөлінген. Қазір жұмыстар толық аяқталуға жақын.