Облыстағы Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде қорытынды аттестаттау ағымдағы жылдың 15-28 маусым аралағында өтеді. Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты колледж түлектері zhambyltipo.kz сайты арқылы мемлекеттік емтихандарын тапсырып, дипломдық жобаларын қорғауда. Жалпы биылғы жылы облыс колледждерін 5181 студент аяқтайды , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Оның 543-і дипломдық жоба қорғаса, 4638-і қорытынды емтихан тапсыруда.
2019-2020 оқу жылында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде 32 мамандық бойынша 2937 студент білім алса, ағымдағы жылы 20 мамандық бойынша 637 түлек оқуын аяқтап, жас маман атанады.
Аталған оқу орнының түлектері ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан дипломдық жобаларын қорғап, мемлекеттік емтихандарын тапсыруда.
Биыл «Казфосфат» ЖШС, «Тараз энерго орталығы» АҚ, «Энерджи-Тараз» ЖШС, «Мынарал-тас компаниясы» ЖШС кәсіпорындары колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға ниет білдіріп отыр.