Жас келсе іске

0 7

Облыс колледждерінде «Волонтер жылы» аясында да көптеген іс-шаралар жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда колледждердегі 26 ұйымда 3055 ерікті бар. Олар түрлі мәдени-рухани қайырымдылық шараларын тұрақты ұйымдастырып тұрады.

Мысалы жыл басынан бері медициналық колледждің еріктілері #бізбіргеміз эстафетасы аясында «Жүректен жүрекке» ұранымен қала тұрғындарына тегін медициланық көмек көрсетсе, Жамбыл Индустриалды технологиялық колледжінің еріктілері қала тұрғындарына тегін техникалық-тұрмыстық көмектерін көрсетті. Ал Байзақ ауданындағы №3 колледж волонтерлары «Байзақ баба» мешітінің ауласы мен ішіне тазалық жұмыстарын жүргізіп, қарт тұрғындардың үйлеріне барып, тұрмыстық-техникалық көмек көрсетті.

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттері «Сөзден іске» жобасы бойынша Волонтер жылының «Асыл мұра» бағыты бойынша Тараз қаласындағы «Mart» сауда-орталығында «Алғысым шексіз» атты акция өткізді. Студенттердің флешмобымен басталған акция барысында еріктілер Қазақстанда тұратын этностардың ұлттық билері мен әндерін орындады. Көрермендер арасында өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрінен викториналар ұйымдастырды. Сауда орталығына келушілер еріктілер өз қолдарымен пісірген бауырсақтан дәм татып, қазақтың ұлттық дәмінен ауыз тиді.
Мұндай игі шаралар жастардың бойында мейірімділік, адамгершілік сезімдерін қалыптастырып қана қоймай, өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын да арттырары сөзсіз.
Тәуелсіздіктің тұғырлы, мемлекет мәртебесінің биік болуы – жалынды жастардың қолында. Жастардың энергиясы егемен еліміздің гүлденуіне қызмет ететініне сенім мол. Сондықтан да, жастарды қолдауға бағытталған жұмыстар одан әрі жалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.