Бүгін Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауылында жастар мен жасөспірімдерге арналған шағын футбол алаңы ашылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп отырған шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов қатысып, ашылу лентасын қиып, құтықтау ізгі тілегін жеткізді.
Сондай ақ, ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Базарбай Букенов ауыл жастарын футбол алаңының ашылуымен құттықтап спорт денсаулық кепілі екендігін атап өтті. Ашылу салтанатына футболдан жергілікті жастар командасы қатысты.
Айта кетейік, ашылу салтанаты халықты жинамай, санитарлық талаптарды қатаң ұстанып, әлеуметтік арақашықтық сақтала отырып өткізілді.