Хантаулықтардың қуаныштары шексіз

0 3

Бүгін Мойынқұм ауданы, Хантау ауылдық округі Хантау ауылында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында салынған шағын футбол алаңы ашылды, — хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Спорт еліміздің  мәртебесі,  жастарымызға үлгі. Сондықтан  әр Қазақстандық саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануы тиіс.

Дегенменде бұқаралық спорт  түрлері қарапайым тұрғындарға қолжетімді  бола бермейді.  Футбол алаңы  ауыл жастары мен жасөспірімдеріне арналып соғылып отыр.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов қатысып тұрғындары құттықтап, спорт алаңының лентасын қиды.

Сонымен қатар, ауыл ақсақалдары кеңесінің төрағасы  Жолдасбек Абушакиров  жиналғандарды  құттықтап, шағын футбол алаңын ауыл жастары игілігіне пайдалануға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.