Таразда бірқатар дүкендер азық-түлік бағасын қымбаттатқан ⠀

0 13
Өңірдегі бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағасына мониторинг жасау мақсатында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайсар Сарытай және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Сәкен Нұржаубаев «Дәмдес», «SMART» және «Нұрислам» сауда нысандарын аралады, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі. ⠀
Белгілі болғандай, қаладағы барлық сауда нысандарындағы орташа бағамен салыстырғанда «Дәмдес» дүкенінде бірқатар азық-түлік бағасы шарықтап тұр. Мысалы, 2,5% сүт бағасы қала бойынша 220 теңге болса, «Дәмдесте» 325 теңге тұрған.Сол сияқты, қаптамадағы 2,5% айран – 395 теңге (244 теңге), өсімдік майы – 465 теңге (401 теңге), макарон – 260 теңге (233 теңге). ⠀
Дәл осындай жағдай «SMART» дүкенінде де қайталанған. Мұнда тауық еті 1124 теңге тұрса, қала бойынша ақ еттің орташа бағасы 830 теңге көлемінде. Сол сияқты, макарон -265 теңге (233 теңге), І санаттағы жұмыртқа – 10 данасы үшін 320 теңге (281 теңге), майлылығы 72,5% сары майдың 1 кг – 3120 теңге (1992 теңге).⠀
Сондай-ақ, осы дүкенде көкөніс бағасы аспандап кеткені анықталған. Мысалы, орамжапырақ – 150 тг (нарықта 100 тг), пияз – 100 тг (80 тг), сәбіз – 150 тг (100 тг), картоп – 180 тг (140 тг). ⠀
Бұған қоса, «Нұрислам» дүкеніндегі тексеру кезінде мұнда тек қарақұмық бағасы салыстырмалы түрде қымбаттағаны белгілі болды. Қала бойынша орташа бағасы 336 теңге тұратын қарақұмық аталған сауда орнында 415 теңгеге сатылған. ⠀
Алдағы уақытта осы тексеру қорытындысы бойынша көрсетілген сауда орындарының иелерімен бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. ⠀
Leave A Reply

Your email address will not be published.