Мойынқұмда карантин шаралары күшейтілуде

0 3

Мойынқұм ауданынында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері сауда оындарына күндізгі және түнгі рейд жұмыстарын жүргізді, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Топ мүшелері Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Жамбыл облысында қатаң карантиндік шектеу шараларын ұзарту туралы» 2020 жылғы #30 Қаулысына сәйкес зерделеу мақсатында шықты.

Ағымдағы жылдың 1 тамызы түні Мойынқұм ауылының сауда орындарын аралау және зерделеу кезінде түн мезгілінде 1 азық-түлік сататын дүкен мен 1 көлік жуу орны режим талаптарын бұзып жұмыс істеп тұрғаны анықталған. Топ мүшелері екі мекеме иелеріне сәйкесінше акт толтырды. Алдағы уақытта бұл рейд жұмыстары жалғаса бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.