Мойынқұмда аудан тұрғындарын шектеу шараларын сақтауға шақыруда

0 0

Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері мен ерікті жастар бірге аудан тұрғындарын шектеу шараларын сақтауға шақырды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Түсіндіру жұмыстары барысында бетпердемен жүру өз денсаулығыңызды сақтаудың бірден бір септігі екенін, 63 жастан асқан азаматтардың аса қажеттіліксіз үйден шықпауын ескертті.

Сондай-ақ, 3 адамнан артық топталып жүруге болмайтынын, санитарлық талаптарды ұстану керектігін түсіндіріп, арнайы дайындалған инфографикалар мен парақшалар үлестірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.