Қауіпсіздік басты назарда

0 0

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды.

Денсаулық сақтау саласын дамыту туралы Жолдаудың 6-шы бөлімінде :

— Пандемиядан туындаған дағдарыс дәрігердің жұмысын бағалауға үйретті, мамандықтың маңыздылығы материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі керек. Мен бюджетті келесі нақтылаумен екінші жарты жылдықта медицина қызметкерлеріне ынталандыру сыйақысын төлеуге 150 миллиард теңге бөлуді тапсырамын — деді Мемлекет басшысы.

Отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Барлық негізгі дәрі-дәрмектер мен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуге тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі.

Тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту.
Пандемия сирек мамандықтар дәрігерлерін: эпидемиологтарды, инфекционистерді, реаниматологтарды, пульмонологтарды, кардиологтарды даярлау туралы мәселені өткір қойды. Үкіметке медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді (10 жылға арналған) болжамын жасауды тапсырды. Үкіметке алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау туралы тапсырма берді. Ол халықтың қалың тобына, соның ішінде ауыл тұрғындарына барынша ұтқыр әрі қолжетімді болуы тиіс.

Шалғай өңірлер үшін көлік медицинасын жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау қажет.
Үш жыл ішінде тиімді ауылдық денсаулық сақтауды құру үшін барлық ауылдық елді мекендерді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету қажет-деді Мемлекет басшысы.

Осы жолдау аясында қыркүйек айының 7 ші жұлдызынан Қазақ Ұлттық Медицина университетінен 7 маман (педиатр,онколог,терапевт,УЗДГ дәрігері,кардиолог,акушер-гинеколог). Сарысу ауданындағы Жайлаукөл, Қамқалы, Шығанақ, Тоғызкент, Досбол ауылды мекендерінде диагностика және медициналық жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, алдағы уақытта Тоғызкент, Жайлаукөл, Үшарал ауылдарында және Дегерес амбулаториялық пунктінде жаңа медициналық ғимараттар салу жоспарлануда.
COVID-19 пандемиясы Денсаулық сақтау жүйесіне үлкен салмақ түсірді. Осы кезеңде саладағы негізгі басымдық Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирустық инфекциямен күресу кезінде алынған тәжірибе қолданылады.

Пандемия кезінде диагностикалық және емдеу іс шараларды жүзеге асыру мақсатында онлайн жүйесімен 136 медицина қызметкерлері оқытылды. Қыркүйек айында медицина қызметкерлері 100% оқытылады. Резервте 18 дәрігер, 36 мейірбике, 36 кіші буын қызметкерлері жұмысқа дайын.

Пандемия кезеңінде ауданда провизорлық бөлімі ашылып, 40 төсекке оттегі тетігі жеткізілді, 7 мобильді бригадалар жұмысы ұйымдастырылды.17,4 млн. теңгеден астам қаражатқа:
1. Дәрілік заттар – 5,8 млн. теңге
2. Жеке қорғану құралдары — 2,8 млн. теңге
3. Медициналық мақсаттағы бұйымдар – 1,9 млн. теңге
4. Дезинфекциялау құралдары-6,9 млн. теңге
сатып алынды.

Гуманитарлық көмек бойынша:
1. Оттегі концентраторы-20 дана
2. Пульсоксиметрлер-29 дана
3. Жеке қорғану құралдары — 19045 дана
4. Дәрілік заттар-2,7 млн теңгеге
5. Қолды өңдеуге арналған антисептиктер-40л
6. Дезинфекциялық құралдар-50л
7. Инфрақызыл термометр — 14 дана
8. Сәулелендіргіш рециркулятор-4 дана
9. ИВЛ аппараты – 1 дана
10. Медициналық мақсаттағы бұйымдар – 3100 дана
11. Медициналық жедел жәрдем автокөлігі
жеткізілді.

Дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарының екі айлық қоры жасақталынды.
Елбасы баяндаған бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарының жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты. Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Заманның сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр. Сондықтан, еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты екенін ұмытпаймыз.

Бағила Бегманова,

Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері

Leave A Reply

Your email address will not be published.