Шу ауданында өнеркәсіп саласында 10 млрд. теңгенің өнімі өндірілген

0 9

Ағымдағы жылдың 8 айында Шу ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып, ауданда өндірілген өнім көлемі 54,7 млрд. теңге. Ал, өнеркәсіп саласында 10 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Жалпы 102,7%-ті құрап отыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15,7 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 55,9%. Көрсеткіштің төмен болу себебі, Алға ауылындағы 500 гектар аумаққа салынған күн сәулесі станциясының құрылысының аяқталуы (құны — 36 млрд.тг) болып отыр.

Ауданда бүгінгі таңда жалпы көлемі 653 млрд теңгені құрайтын 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олар, «Тараз химиялық паркі» АЭА-да — 8 инвестициялық жоба, одан бөлек 4 инвестициялық жоба (Тасөткел гидро электрстанциясы, 2 диірмен элеватор, 1 көкөніс сақтау қоймасы).

Leave A Reply

Your email address will not be published.