Жамбыл облысында жомарт жандар имамға көлік сыйлады

0 1

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай Жамбыл ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Әмірбековке  аудан әкімі Сәкен Арубаев темір тұлпардың кілтін тапсырды, деп жазады “ZhambylNews” АА.

Жамбыл ауданындағы 29 мешіттің бәрінде имамдары бар болса, олардың жетекшісі Ғайырфулла қажы діни сауаттылығы жағынан да, адамгершілік қырынан да танымал тұлға.

Дін саласының озықтар додасында аты бастапқылардың алдына шыққан азаматтың аса ауылында тұрып жатқанына 15 жылдың жүзі болған.

Алғаш келген жылдары заңсыз салынған мешіттердің құжаттарын толықтай заңдастарып, бүгінде ҚМДБ-на тіркепте үлгерген. Сол жылдары табанын таусылғанын бүгінде қуанышпен еске алуда.

Темір тұлпар тізгінін ұстатуға келген аудан әкімі Сәкен Арубаев, облыстық діни істер басқармасының басшысы Жангелді Омаров, облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, кәсіпкерлердің қайырлы амалына ырза болып, ақжарма тілектерін жеткізсе, Ғайырфулла Қуанышбекұлы Алла жолына тарту еткен қолы ашық азаматтарға алғысын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.