Бүгін Мойынқұм ауданының әкімдігі ғимартының алдында және Жастар саябағына «Күзгі тал егу» акциясы ұйымдастырылды, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Көктем және күз айларында өтетін акцияның негізгі мақсаты – туған өлкені көркейту-көгалдандыру, яғни жасыл желекке айналдыру.
Акцияға аудан активтері, аудандық мекеме-кәсіпорын қызметкерлері, ардагерлер мен жастар қатысты.
Жалпы акцияда 10 шырша ағашы мен 60 қайың ағашы отырғызылды.