Қордайдағы мобильді топ жұмысын күшейтуде

0 27

Коронавирус инфекциясының мүмкін болатын екінші толқынының алдын алуға байланысты Қордай аудандық мобильді топ күндіз-түні рейд жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов жетекші ететін мобильді топ құрамына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың және санитарлық қызмет өкілдері, сонымен қатар өзге де азаматтар кірді.

Топ Қордай ауылындағы барлық тамақтану, сауда және қызмет көрсету орындарына барып, жаңа қаулыны түсіндірген болатын. Аталмыш құжатқа тойлар, мерекелік іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Алайда, күндізгі рейд жұмыстары барысында Қордай ауданындағы «Эдельвейс» мейрамханасы карантин талаптарын сақтамай, той өткізгендігі анықталды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен мобильді топ арнайы барып, тойды тарқатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетсек, сенбі күні Қаракемер ауылдық округінде той өткізейін деп жатқан мейрамхана анықталып, өткізбеу туралы түсіндіру туралы жұмыстар жүргізілген болатын.

Жалпы Қордай ауданында бүгінгі күнге дейін 100 жеке және заңды тұлғалар анықталып, оның 58-не ескерту беріліп, 42 хаттама толтырылып, 9 млн 639 мың 660 теңгеге айыппұл салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.